KZ
Өскемен
-15°
переменная облачность жел 2 м/с, С
504.6 594.27 6.48

ШҚО, Өскемен: Қаланың кей тұсы тұрғындар ыңғайлылығы үшін қайта ойластырылуда (видео)

7.06.2025, 15:00 252 Айна Ескенқызы

Қазақстан көшесі – Өскемен шаһарының жүрегі іспетті. Қаланың қозғалысы ең тығыз бұл бөлігінде енді көлік пен адам тірлігі үйлесім табатын жаңа демалыс аймағы бой көтермек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қала ішіндегі абаттандыру барысын аралау кезінде осы аумақтағы жұмыстармен танысып, құрылыс қарқынына назар аударды. Жаңа демалыс орны тек көгалдандырумен шектелмей, жаяу жүргіншілерге арналған қауіпсіз өтпе жолдармен, көлік тұрақтарымен және демалуға лайық инфрақұрылыммен қамтылмақ.

– Қазақстан көшесінің бойында орналасқан дәмханалар мен “АДК” сауда үйі маңы — халық көп шоғырланатын жер. Бұл маңды қоқыстан, ретсіз бұталардан тазартып, көше мәдениетін қалыптастыру маңызды. Тұрғындар үшін бұл – қауіпсіздік пен жайлылық, қала үшін — жаңа келбет, – деді аймақ басшысы.

Жоба аясында Қазақстан, Пермитин және М.Горький көшелерінің бойында үш сектордан тұратын демалыс кеңістіктері қарастырылған. Әрбір учаске — көпшілікке ыңғайлы шағын аула форматында: ағаш отырғызу, көлеңке беретін құрылымдар, жаяу жүргінші жолақтары мен тұрақ орындарын біріктіреді.

Бұл көрнекі абаттандырумен қатар, адам тұрмысының тиімділігіне бағытталған нақты урбанистік шешім. Қала басшылығының басты талабы – құрылысты белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау. Жаңа кеңістік ашылғанда, ол қала тұрғындарының күнделікті өміріне жайлылық қосып, Өскеменнің заманауи бейнесін толықтырмақ.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу