Аймақ басшысы: «Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту – басты бағдар»
Облыс әкімі Ермек Көшербаев Өскемендегі Потанин көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағындағы абаттандырылған аллеяға, сондай-ақ Астана және Қашаубаев көшелеріндегі іргелес учаскелерге барды. Бұл кеңістік қалалық инфрақұрылымды жақсарту және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау бағдарламасы аясында абаттандырылды.
Аллея – жергілікті тұрғындарды да, қала қонақтарын да тартатын облыс орталығының басты серуендеу орындарының бірі. Мұнда тротуарларды жаңарту, көгалдандыру, заманауи орындықтар орнату және демалу мен серуендеуге жайлы әрі қауіпсіз жағдай туғызатын жарықтандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.
Облыс әкімі атқарылған жұмыстарға баға беріп, аллеяны абаттандыру қала экологиясын жақсартуға қосылған үлес болғанын атап өтті.
Жергілікті тұрғындар аймақ басшысына абаттандыру жұмыстары өңірдің ыңғайлылығы мен тартымдылығын арттырғанын айтып, өзгерістер туралы оң пікірлерін айтуда. Жаңа инфрақұрылым отбасымен серуендеуге, спортпен айналысуға және демалуға қолайлы жағдай жасайды.
Облыс әкім қаланы абаттандыру жұмыстары жалғасатынын, мұндай жобаларды қаланың басқа да аудандарында жүзеге асыру жоспарланып отырғанын тілге тиек етті.
Фото: Махаббат Ахметжанова