KZ
Өскемен
-26°
переменная облачность жел 2 м/с, С
510.43 594.86 6.49

Пәтерге кондиционер орнатқаныңыз үшін 79 мың теңге айыппұл төлеуіңіз мүмкін

depositphotos.com

4.07.2025, 09:00 215 Ержан Әбіш

Қазақстанда көпқабатты үйдегі пәтерге кондиционер орнату – тек техникалық емес, құқықтық тұрғыдан да рұқсатты қажет ететін мәселе. Жыл сайын жазда ауа температурасы көтерілгенде, көп тұрғындар салқындатқыш қондырғы орнатуға асығады. Алайда заң бойынша бұл әрекет үшін айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Мәселенің мәні – көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қабырғасы (фасады) тұрғындардың ортақ меншігі болып есептеледі. Яғни, кондиционердің сыртқы блогын қабырғаға ілу ортақ мүлікке өзгеріс енгізу болып саналады. Бұл – тек тұрғындардың келісімімен ғана жүзеге асырылатын әрекет.

– Егер тұрғындар жиналысында көпшілік дауысымен рұқсат берілсе, кондиционер орнатуға болады. Осыдан кейін пәтер иесі маманға жүгініп, келісімшарт жасасады. Тек содан соң ғана орнатуға рұқсат етіледі, – дейді сала мамандары.

Егер үйде орталық салқындату жүйесі қарастырылған болса, онда жеке кондиционер орнатуға тыйым салынады. Бұл норма құрылыс жобасына байланысты қабылданады және тұрғындардың жеке шешімімен өзгертілмейді.

Рұқсатсыз кондиционер орнатқан азаматқа шамамен 78 900 теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Бұл сома әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекс аясында белгіленеді.

Кондиционер орнатпас бұрын, үйіңіздегі ПИК-пен (КСК), тұрғындар кеңесімен немесе басқарушы компаниямен кеңесіп, рұқсат алыңыз.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу