Тұрғын үй беріледі
Фото: pexels.com
Баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында ағымдағы жылы 303 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй қолданысқа берілмек. Оның ішінде 263,2 мың шаршы метр аумақты алатын 2 428 пәтер, яғни 24 көпқабатты тұрғын үй (75 мың шаршы метрді құрайтын 672 пәтер бар төрт кредиттік аумақты құрайтын және 1576 пәтерге арналған 175,1 мың шаршы метрлік 20 коммерциялық алаң бар) және 370 жеке тұрғын үй салынуда.
Ағымдағы жыл соңына дейін көпқабатты тұрғын үйлердегі 214 пәтер мен 28-ші шағын ауданда салынып жатқан 17 үйден 34 пәтер пайдалануға берілмек.
Сонымен қатар қаладағы ықшам аудандардың инфрақұрылымын қамтамасыз ету бағытында да тиісті жұмыстар атқарылуда.