ШҚО құтқарушылары Домбыра күніне орай челлендж ұйымдастырды

Фото: видеодан скрин-шот
Домбыра күніне орай Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары ерекше челлендж өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz.
Облыс орталығындағы өрт сөндіру бөлімшесінің аумағында құтқарушылар әйгілі «Балбырауын» және «Адай» күйлерін орындады. Дәстүр сабақтастығын сақтау және ұлттық аспапты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға ПЧ-5 бөлімшесінің командирі Нұрлан Құсайыновтың ұлы да қатысты, – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Домбыра күні қарсаңында ШҚО ТЖД қызметкерлері Катонқарағай ауданының ең әсем табиғи орындарында күй шертіп, ұлттық рухты жеткізуге тырысты.
Видео: ШҚО ТЖД