KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Күршім ауданында халық 100% таза ауыз сумен қамтылған

15.08.2025, 11:10 233 Айдос Мырзахметов

Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін қазақстандықтарды толықтай таза ауыз сумен қамтамасыз ету міндетін қойған. Бұл бағытта Күршім ауданы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді – аудандағы барлық 21 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Халықтың ауыз суға қолжетімділігі 100 пайызды құрайды.
Сонымен бірге, су инфрақұрылымын одан әрі жақсарту үшін жалпы құны 7 млрд теңгені құрайтын екі ірі жоба жүзеге асырылып жатыр.

Атап айтқанда: Барақ батыр ауылында су құбыры желілерінің құрылысы жүріп жатыр. Биыл бұл мақсатқа 131,6 млн теңге бөлінді, нысан 2025 жылы аяқталмақ. Күршім ауылында су құбыры желілерін қайта жаңарту қолға алынды. Жобаны іске асыруға биыл 208,4 млн теңге бөлінді, толық аяқтау мерзімі – 2026 жыл.

Бұл жобалар жүзеге асқан соң аудандағы ауыз су жүйесінің сапасы артып, тұрғындардың тұрмыс жағдайы жақсара түспек.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу