Өскемен қаласының әкімі жылыту маусымын мерзімінен бұрын бастауды тапсырды
Өскемен қаласының әкімі тапсырмасы бойынша, облыс орталығында жылыту маусымы жоспарланған уақыттан ертерек басталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
1 қазаннан бастап көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беріледі. Ал әлеуметтік нысандарда — мектептерде, балабақшаларда және медициналық мекемелерде жылу беру жұмыстары қазірдің өзінде басталды.
Ауа райының салқындауына байланысты және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жылыту маусымын ерте бастау туралы шешім қабылданды.
Оқи отырыңыз