KZ
Өскемен
-24°
туман жел 1 м/с, С
506.7 593.14 6.53

Өскемен су электр станциясы ауқымды жөндеуден өтпек

2.10.2025, 18:30 211 Төлеуғазы Жансая

Облыс орталығында Өскемен гидроэлектрстанциясының жабдықтарын жөндеуге арналған қоғамдық тыңдаулар өтті. Тиісті жоба қазіргі уақытта мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемен су электр станциясы ауқымды жөндеуге дайындалып жатыр. Гидроагрегатты жаңғырту жобасы аясында станцияда гидрогенератор роторын ауыстыру, жаңа жұмыс дөңгелегін орнату, гидротурбинаның бағыттаушы аппаратының қалақтарын алмастыру және басқа да қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Айта кету керек, жаңа дөңгелекті орнату станция қуатын 12 МВт-қа арттырады.

Жоба мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтуде.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының ауаға, суға, топыраққа, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне әсер ету деңгейіне жүргізілген алдын ала талдау нәтижесінде ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрацияларынан асып кету фактілері анықталмаған. Өзенге, ландшафт, флора мен фаунаға теріс әсері жоқ, барлық қалдықтар жиналып, мамандандырылған ұйымдарға кәдеге жаратылуға беріледі.

- Осылайша, жоба экологиялық жағынан қауіпсіз деп танылып, табиғатты қорғау заңнамасына толық сәйкес келеді. Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін Қазақстан өңірді энергиямен қамтамасыз ету үшін қосымша қуатқа ие болады, – деп хабарлады Өскемен су электр станциясында.



Авторы Елизавета Седых

Фото: www.ukges.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу