Сарыбелде халықаралық стандартқа сай қонақүй салынбақ – ШҚО
Самар ауданындағы Сарыбелде тұңғыш халықаралық стандартқа сай заманауи қонақ үй бой көтермек. Бұқтырма су қоймасының әсем жағалауында орналасатын жаңа туристік нысан туралы жерлестерінен сүйінші сұрап аудан әкімі әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Pana Asia — отандық алғашқы басқарушы компания. Олардың қазіргі уақытта Алматы, Шымкент және Мәскеуде қонақ үйлері бар, енді Сарыбел де осы қатарға қосылмақ. Компания құрамына сондай-ақ, «Tary» кафелері мен «Sandyq» мейрамханалары да кіреді.
Аудан басшысы сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасы аясында Бұқтырма су қоймасының жағалауында заманауи серуен аймағының жобаланып, құжаттамасы әзірленіп жатқандығын жеткізді.
Самар ауданы өлкеде туризм саласын дамытуға ниетті инвесторларды шақырады.


