KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
504.6 594.27 6.48

Шығыс Қазақстан ұстазы – «Үздік педагог – 2025» байқауының жеңімпазы атанды

22.10.2025, 12:00 3 578 Базарова Айгүл

Астанада өтетін «Үздік педагог – 2025» республикалық конкурсы аясында республика көлемінде үздік мұғалімдер марапатталады. Шығыс Қазақстан облысының ұстазы сол үздіктер қатарында, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

ШҚО Білім басқармасының баспасөз қызметінің ақпаратына сай «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК арнайы пән оқытушысы Гүлназ Аймұханбетова биылғы жылдың «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.

Бұл мәртебелі атақ – педагогтің жоғары кәсібилігі мен әдістемелік шеберлігінің, сондай-ақ жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие берудегі табанды еңбегінің лайықты жемісі.

Әріптестер қауымы Гүлназ Ахметқызын зор жеңісімен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс пен жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.

«Үздік педагог – 2025» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2025 жылғы 24 қазанда Астана қаласында өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу