KZ
Өскемен
-21°
туман жел 1 м/с, СБ
504.6 594.27 6.48

ШҚО-да «Бекет» жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

3.11.2025, 11:30 158 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысында мал ұрлығына қарсы бағытталған «Бекет» жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, шара 3 қыркүйектен бастап өткізілуде. Басты мақсат – мал ұрлығын ашу, алдын алу, сондай-ақ мал мен ет өнімдерін заңсыз тасымалдауға және сатуға жол бермеу, деп хабарлайды Altainews.kz.

Іс-шара барысында полицейлер Глубокое ауданы мен Риддер қаласы аумағында мал ұрлығымен айналысқан топтың ізін кесіп, екі күдіктіні ұстады. Тергеу барысында олардың төрт ұрлық дерегіне қатысы бар екені анықталып, келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеден асқаны белгілі болды.

Сонымен қатар, «Бекет» шарасы аясында 50-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Құқық қорғау органдары малдың бақылаусыз жайылуын тексеруді күшейтіп, автокөліктер мен базарларда, сауда орындарында жүйелі түрде рейдтер жүргізуде. Тәртіп сақшылары өнімнің заңды шығу тегін растайтын ветеринариялық құжаттардың болуына ерекше мән беруде.

ШҚО Полиция департаменті тұрғындарды мал жаю, тасымалдау және ауыл шаруашылығы өнімдерін сату кезінде заң талаптарын сақтауға шақырады. Сондай-ақ, ветеринариялық құжаттарды алдын ала рәсімдеп, мал мен өнімдердің қауіпсіз әрі заңды айналымын қамтамасыз ету қажеттігін ескертеді.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу