KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 1 м/с, С
504.49 587.73 6.57

ШҚО-да полиция ұрланған малды иелеріне қайтарды

depositphotos.com

11.09.2025, 19:00 185 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында «Бекет» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында мал ұрлығына қатысты дерек әшкереленді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Полицейлер қажетті құжаттарсыз үш ұсақ малдың еті тиелген автокөлікті тоқтатқан. Жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде екі күдікті ұсталды. Тексеру кезінде олардың бұған дейін жасалған бір ірі қара мал ұрлығына қатысы бары анықталды. Қылмыстық әрекеттер салдарынан иелеріне жалпы 600 мың теңгеден астам шығын келген.

Күдіктілер ұрланған малды облыс орталығына жеткізіп, ет базарында сатуды жоспарлаған. Алайда тәркіленген үш ұсақ малдың еті заңды иелеріне қайтарылды.

Ұсталғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ШҚО полициясы тұрғындарды малды қараусыз қалдырмауға, қораларды бекітіп, жануарларды таңбалауға, сондай-ақ өз мүлкін қорғау шараларын уақытылы қабылдауға шақырады. Мал ұрлығы немесе жоғалуы жағдайында дереу 102 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу