KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
512.81 604.19 6.57

Өскемен аспанын Шәмші әндері тербеді 

3.11.2025, 19:00 215 Базарова Айгүл

Облыстық Пушкин атындағы кітапханада Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік әнұран сазының авторы, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Шарықта, Шәмші әндері!» атты ән байқауы өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шараға кітапхана жанынан құрылып, үш жылдан астам уақыт жұмыс істеп жатқан, жүзден астам қатысушысы бар «Төр Алтайдың әдеби әлемі» клубының мүшелері қатысты. 

Ән байқауына барлығы бес жұп қатысып, ән әлемінің жүрек баурар тылсымын көрерменге әдемі жеткізді. Қатысушылар түрлі сала өкілдері болса да, бәрінің де өнерге деген ықыласы мен сүйіспеншілігі ерекше сезілді. Сахнада олар орындаушылық шеберліктері арқылы әннің әсерін, көлдей тұнық көңілдің нәзік иірімдерін көрерменге сыйлай білді.

Байқаудың ресми бөлімінде клубқа жаңадан қосылған топ мүшелеріне төсбелгі табысталып, топтың жаңа әнұранының тұсаукесер рәсімі жасалды. Әнұран сөзін жазған үлкеннарындық ақын Толқын Уызбаева, әнін жазған сазгер Талғат Әбішев. Жаңа туынды көпшілікке әнші Айдын Алдарханның орындауында танылды.

Ән додасына қатысушы үміткерлер Шәмшінің әндерін шырқап, көрерменнің көңілінен шықты. Қазылар алқасының шешімімен үздік шыққан жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Дәурен Аллабергенұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу