KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 4 м/с, В
522.19 606.42 6.47

Шығыста 4 мыңнан астам бала тегін спорт үйірмелеріне қатысады

4.11.2025, 21:00 189

Өңірде бұқараның спортқа қызығушылығы артып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында балалар мен жасөспірімдердің спортпен айналысуына қолжетімді орта қалыптастыру бағытында нақты жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Altainews.kz облыстық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Үкімет отырысында спорттық инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстың барысы талқыланды. Халықтың спортпен шұғылдануына тиісті жағдай жасау – Мемлекет басшысының үнемі назарындағы маңызды бағыттардың бірі.

Шығыс Қазақстан облысында жалпы саны 1 628 спорт нысаны бар. Оның ішінде 439-ы – дене шынықтыру-сауықтыру мекемесі, 138-і – спорт мектебі, ал 1 051-і білім беру ұйымдарының базасында орналасқан спорттық нысандар.

Бұл мекемелердің 60 пайыздан астамы ауылдық жерлерде жұмыс істейді. Қазір өңір бойынша 8 спорт нысанының құрылысы жалғасып жатыр. Биылдың өзінде 3 заманауи спорт кешені пайдалануға беріліп, 19 балалар футбол алаңы салынды. Бұдан бөлек, түрлі бағыттағы спорт нысандарын салу және жобалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

UEFA талаптарына сай III санаттағы жабық футбол стадионының, сондай-ақ Республикалық ұлттық теннис академиясының көпфункционалды спорт кешенінің және республикалық маңызы бар спорттық-сауықтыру орталығының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Сондай-ақ Риддер мен Зайсан қалаларында екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені және Өскеменде Волейбол орталығын салу жобалары дайындалған.

– Қазірдің өзінде 4,4 мың бала 17 спорт түрі бойынша тегін үйірмелерге қатысып жүр. Жалпы облыста 80 спорт түрі дамып келеді, оның 36-сы – олимпиадалық спорт түрі, - делінген хабарламада.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу