KZ
Өскемен
-6°
переменная облачность жел 2 м/с, В
499.04 544.45 5.96

Алты жылда елімізде 314 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 58 бассейн салынды

Фото: pixabay.com

Кеше, 17:30 82 Гульжан Мусина

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың спорт саласына ерекше көңіл бөлуінің арқасында кейінгі алты жылда еліміздің спорттағы жетістіктері артып, спорт инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Мәселен, кейінгі алты жылда өңірлерде 314 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 58 бассейн салынды. Тек 2024 жылдың өзінде 90 дене шынықтыру-сауықтыру кешені ел игілігіне берілгенін атап өткен жөн.

Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің саны 40-қа артып, 481-ден 521-ге дейін көбейді. Нәтижесінде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтардың үлесі 31,5%-дан 41,4%-ға дейін артты. Бұл көрсеткіш 5,9 миллионнан 8,4 миллион адамға дейін өсті.

Президенттің тапсырмасына сәйкес алдағы уақытта да елімізде бірқатар спорттық нысан салынады. Мәселен, биыл республика бойынша 5 нысанының құрылысы аяқталады. Оның ішінде елордада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысы да бар. Білім ордасы жыл соңында пайдалануға беріледі.

Ал 2026 жылы Астана, Павлодар және Ақтөбе қалаларында тағы 3 спорт нысаны салынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу