KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 6 м/с, З
522.38 612.6 6.54

Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға сапары аясында халықаралық нарыққа шыққан отандық ІТ стартаптардың негізін қалаушылармен кездесті

6.11.2025, 21:15 104 Базарова Айгүл

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы және Америка Құрама Штаттары арасында аса маңызды минералдар саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар бүгін Мемлекет басшысына қазақстандық ІТ стартаптар таныстырылды, деп хабарлайды Altainews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Құжатқа ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен АҚШ Сауда министрі Говард Латник қол қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға сапары аясында халықаралық нарыққа шыққан отандық ІТ стартаптардың негізін қалаушылармен кездесті. Президентке еліміздің алғашқы «сыңармүйіз» стартапы – Higgsfield AI жасанды интеллектіге негізделген кинематографиялық сапалы бейнені генерациялауға арналған платформасы, Deep Infra – машиналық оқыту модельдерін орналастыруға және іске қосуға арналған қызмет, Valinor – биотехнология саласындағы стартап, ARC Drones – автономды дрондарды әзірлеуші, сондай-ақ басқа да перспективті жобалар таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Silkroad Innovations технология хабының қызметі туралы ақпарат берілді. Ол Кремний алқабында Орталық Азия елдерінің талантты жастары мен стартаптарына қолдау көрсетеді.

Кездесуге жалпы құны 1,4 миллиард долларды құрайтын 20-дан аса стартап өкілі қатысты. Бұл ұлттық ІТ экожүйесінің инновациялық әлеуетін танытады.

Мемлекет басшысы жоғары технология саласындағы отандық компаниялардың жетістіктерін жоғары бағалап, алдағы үш жылда Қазақстанды толық цифрлық елге айналдыру жөніндегі стратегиялық міндеттің маңызын атап өтті. 

– Президент ретінде баршаңызды қолдаймын. Жұмыстарыңыз еліміздің болашағы үшін өте қажет. Цифрландыру мен HighTech мемлекетіміздің басты басымдықтарының бірі саналады. Мен бұл туралы Жолдауымда айттым, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу