KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
517.66 606.49 6.44

Шығыс Қазақстанда тұман және жел күтіледі

15.11.2025, 15:30 169 Базарова Айгүл

«Қазгидромет» Шығыс Қазақстан филиалының хабарлауынша, 16 қарашада облыстың оңтүстік және шығыс аудандарында тұман күтіледі. Жел шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғады, ал таңертең және күндіз облыстың орталық және шығыс бөліктерінде желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді, деп хабарлайды Altainews.kz.

Автомобиль жүргізушілері жолда аса абай болып, жылдамдық режимін қатаң сақтауы қажет. Жаяу жүргіншілер де өз қауіпсіздігін бірінші орынға қоюы тиіс: көше мен жолда жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін сақтық шараларын қабылдаңыздар.

Күшті желдің салдарынан билбордтар, аялдамалар, ағаштар, электр желілері және металл қоршаулар қауіпті болуы мүмкін. Сол себепті олардың артында, қасында тұрмаңыз, автокөлікті ағаштардың, билборд құрылымдарының немесе электр сымдарының астына қоймаңыз.

Дауыл туралы ескертулер мен маңызды ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы алуға болады. Қауіп төнген жағдайда немесе төтенше жағдай кезінде дереу «112» нөміріне хабарласыңыз.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу