KZ
Өскемен
-4°
переменная облачность жел 3 м/с, З
519.61 610.13 6.54

Келер жылы Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі іске қосылады

stock.adobe.com

16.09.2025, 19:30 171 Төлеуғазы Жансая

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін әзірлеуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл жүйеде жерүсті және жерасты сулары, гидротехникалық нысандар мен өзге де су шаруашылығы объектілері туралы мәліметтер жинақталады. Болашақта жасанды интеллект пен ғарыштық мониторинг деректері де қолданылмақ. Жоба елдің су балансын анықтап, суды пайдалануда ашықтық пен тиімділікті арттыруға, су тапшылығы мен төтенше жағдайлармен күреске мүмкіндік береді.

Жүйе Еуразиялық даму банкінің гранты есебінен жасалып жатыр. 2026 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған. Қазірдің өзінде бассейн инспекциялары мен «Қазсушар» мамандары жүйемен жұмыс істеуді үйреніп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу