Ауылдағы мәдениет үйі - естеліктердің жиынтығы – Глубокое (Фоторепортаж)
Предгорное ауылдық мәдениет үйі мен кітапханасы - бірегей нысан. Мәдениет үйі орналасқан ғимарат 1905 жылы салынған.
Бұл үй - архитектуралық-тарихи ескерткіш. Оны Быков деген көпес 1 ғасырдан астам уақыт бұрын салған. Өзінің өмір сүрген уақытында ғимарат күрделі жөндеуден өтпеген. Тек жеңіл жөндеу жұмыстары жасалып отырған.
Бірақ биыл ғимараттың шатыры мен қасбетін күрделі жөндеуге және электрмен жабдықтау жүйесін қайта құруға қаражат бөлінді.
Кітапхана мен мәдениет үйінен бөлек, бұл жерде музей де бар.
Алайда музей ресми музей емес, барлық экспонаттарды кітапхана қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар жинады. Экспонаттар жинағын, оларды орналастыру мен сақтаумен кітапхананың бұрынғы директоры Любовь Никитина айналысқан. Қазір Любовь Александровна зейнетке шықса да, кітапхана өміріне де, мұражай өміріне де атсалысып тұрады.
Мұражайдың өзінде екі шағын бөлме бар. Біреуінде орыс пеші, кесілген ағаш үстел-орындығы мен сөре шығады. Пештің айналасына ескі құрал-саймандар орналастырылған: темір үтік, керосин шамдары және т.б.
Келесі бөлме – қонақ бөлмесі. Бөлме жарық әрі жанға жайлы сезім береді.
Наверное, за таким же столом хозяйка дома когда-то потчевала своих гостей вкусным чаем со сдобой и медом.
Бөлменің ортасында қолмен кестеленген дастарханмен жапқан сопақша келген үстел тұр. Мүмкін, бір кездері үй иесі сол дастарханда қонақтарын жаңа піскен тәтті тоқаш, бал қосылған дәмді шайымен қуантқан шығар.
Мұражайдаңғы тағы бір ерекшеп жәдігер - көне патефон. Сөреде патефонның үнтаспалары тұр.
Терезе алдындағы бөлек үстелде орыс самаурыны мен боялған ағаш ыдыстар тұр.
Кітапхана директоры Юлия Ершованың айтуынша, мұражайға мектеп оқушылары жиі келеді, оларға әр экспонат туралы фактілер қызықты. Демалыс күндері ауыл тұрғындары ескі самаурыннан хош иісті шай ішіп, жергілікті жаңалықтарды талқылау үшін осында жиналады.