KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
441.8 480.02 4.88

ШҚО әкімі тұрғындарды Елорда күнімен құттықтады

6.07.2022, 13:40 98

Бүгін елімізде елеулі мереке – Астана күні тойлануда. ШҚО әкімі тұрғындарды аталмыш мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

- Астанамыз Еуразияның саяси және жаһандық ауқымды оқиғаларының орталығына айналды. Бас қаламыздың төрінде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымдардың саммиттері, ЭКСПО-2017 көрмесі, Азия ойындары мен Астана бітімгершілік процесі сияқты мәні мен мағынасы зор шаралар өтіп, бүкіл әлем тәуелсіз Қазақстанды танып білуде. Еліміздің астанасы көркімен, архитектуралық келбетімен, ұшқыр жаңашылдығымен көз тартады. Қазір бұл біздің ғасырлық дәстүрлеріміз бен заманауи рухымыз үйлесім тапқан қарқынды дамып келе жатқан қала. Нұр-Сұлтан – бірлік пен берекенің символы, жоғары мүмкіндіктер қаласы. Сіздерді Астана күнімен құттықтай отырып, бейбітшілік пен амандық тілеймін! - деді аймақ басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив