KZ
Өскемен
снегопад жел 6 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Даниал Ахметов: «ШҚО-ның агросектордағы әлеуеті жоғары»

27.06.2022, 10:00 216

Өскемен қаласында еліміздің Ауыл шаруашылығы министрінің қатысуымен өткен көшпелі отырыста агроөнеркәсіпптік кешенді дамытудың түйткілді мәселелері талқыланды. 
Ауыл шаруашылығын дамыту және кооперациялау саласында өзіндік жетістіктері бар Шығыс Қазақстан облысы аталмыш бағытта өзге өңірлерге өнеге көрсете алады. Міне осы себепті аталмыш өңір Қазақстан Республикасы сенатының Ауыл шаруашылығы, табиғат пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту бойынша комитетінің көшпелі мәжілісін өткізетін орын ретінде таңдап алынды. Облыс орталығында өткен көшпелі мәжіліс отырысына еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Ауыл шаруашылығы, табиғат пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту бойынша комитетінің төрағасы Әли Бектаев, Шығыс өңірінен сайланған Парламент Сенатының депутаттары Дүйсенғазы Мусин, Ольга Булавкина мен басқа да сенаторлар және Ұлттық экономика, Сауда-саттық және интеграция министрліктерінің өкілдері қатысты.
Ауыл шаруашылығы, табиғат пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту бойынша комитетінің төрағасы Әли Бектаевтың айтуынша Шығыстың шынымен де ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы бірқатар жетістіктерін республикаға мысал етуге болатын көрінеді. Ел экономикасының басым бөлігін агросектор құрайтын Қазақстан үшін біздің облыстың жетістіктері орасан зор екенін атап өткен ол, бұл жолғы басқосудың таптырмас тәжірибе алмасу болатынын айтты. 
Облыстың экономикалық дамуына тоқталып өткен аймақ басшысы Даниал Ахметов өңірдің қол жеткізген көрсеткіштерінің көңілге толарлық екенін атап айтты. Облыста аграрлық сектордың дамуында оң серпіліс барын айтқан ол, динамикалық өсімнің соңғы жылдары тұрақты сақталып келе жатқанын тілге тиек етті.
Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау және қаржыландыру тетіктеріндегі өзгерістер мен жаңашылдықтарға тоқталған еліміздің Ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, кооперациялау бағытындағы бірқатар қиындықтар мен оларды шешу жолдарына тоқталып өтті.
Бұдан бөлек, Катонқарағай ауданы әкімдігінің өкілі мен Май дақылдары тәжірибелік шаруашылығының басшылығы өз тәжірибелерімен бөлісті. 
Елордадан келген қонақтарға облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосып жатқан “Восток-Молоко” кәсіпорнының сүт өңдеу және өнімдерін шығару зауыты, Солнечное кентінде орналасқан Май дақылдары тәжірибелік шаруашылығының май дақылдары алаңдары, 1200 басқа арналған сүт-тауарлы фермасы, шаруашылық жұмысшыларына арнап салынып жатқан тұрғынүйлер мен селекциялау бағытындағы жетістіктері таныстырылды. Сонымен қатар, делегация Глубокое ауданының Предгорное кентінде салынып жатқан май экстракциялайтын «AltynShygys» зауытында болып, құрылыс барысын көзбен көріп қайтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив