KZ
Өскемен
+11°
небольшой дождь жел 4 м/с, СБ
441.44 473.09 4.75

Картоп өсірушілерге субсидия төлене ме?

7.09.2013, 18:00 164


– Ауыл шаруашылығы саласында картоп өсірушілерге мемлекеттен субсидия бар ма? Тұқым беру жағынан қолдау болады дегенді естіп едік. Сол туралы білгім келеді?

С. Қалиев
Зайсан ауданы.

Сауалға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асуат Насыров жауап береді:

– «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттен субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы №221 Қаулысына сәйкес облысымызда ауыл шаруашылығы дақылдарының 2013 жылға арналған тізбесі және субсидиялардың 2013 жылға арналған нормалары облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген. Ауыл шаруашылығы дақыл-дарының тізбесіне картоп дақылы да енген. Оған белгіленген норма бойынша әр гектарға 50 мың теңге көлемінде субсидия төленеді. Субсидия тек ауыл шаруашылығы құрылымдарына беріледі.

Тұқым шаруашылығын дамытуға республикалық және жергілікті бюджеттерден субсидия қарастырылған. Республикалық бюджеттен субсидия ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде (күнбағыстан басқа) элиталық тұқым сатып алған ауыл шаруашылығы құрылымдарына беріледі. Олар өз кезектерінде ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын арзанда-тылған, белгіленген шекті бағамен сатады.

Өсімдік шаруашылығы жайындағы барлық сұрақтар бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына 8-7232-700-720 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив