KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2,1 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

ШҚО-ға жаңа әкім тағайындалды

Тілеубек Шаяхметтің суреті

16.06.2023, 10:29 621 Ләззат Қанатқызы

Көшербаев Ермек Беделбайұлы ШҚО әкімі қызметіне тағайындалды.

Өңір халына жаңа әкімді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов  таныстырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 

1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

1988 жылы C.Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін шет тілінде оқытатын тарихшы мамандығы бойынша тәмамдады.

1993 жылы КСРО Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады.

Мансабы:

1988 жылы қаңтар-мамыр айларында - Алматы қаласының №170 орта мектебінің тарих пәні ұстазы;

1988-1991 жж. - ҚазССР Сыртқы істер министрлігінің құпия іс қағаздарын жүргізу бойынша аға инспекторы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Сыртқы істер министрінің көмекшісі;

1993-1994 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі;

1994-1996 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты Халықаралық бөлімінің консультанты, Президент Аппараты Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы;

1996-1997 жж. - Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы;

1997 жылы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаменті Азиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы;

1997-1999 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі;

2000 жылдың қаңтар-қараша айларында - «Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қоры» директорының орынбасары, бірінші орынбасары;

2000-2001 жж. - «ҚазТрансОйл" ҰК» ЖАҚ баспасөз қызметінің басшысы, мұнай тасымалдау бойынша президент аппаратының басшысы;

2001-2003 жж. - «ҚазМұнайГаз" ҰК» ЖАҚ аппарат басшысы, бірінші вице-президенттің кеңесшісі, президент аппаратының басшысы;

2003-2004 жж. - «Рауан Медиа Групп» АҚ бас директоры;

2004 жылдың мамыр-шілде айлары - «Отан» республикалық саяси партиясының, орталық аппараты басшысының бірінші орынбасары;

2004-2005 жылдары - «ҚазМұнайГаз" ҰК» АҚ президент аппаратының басшысы;

2005-2006 жж. - «Атамекен" жалпыұлттық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігі атқарушы директорының бірінші орынбасары;

2006-2007 жж. - «Отан" республикалық саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің орталық аппарат басшысы;

2007 жылдың ақпан-маусым айлары - «Беркут» қаржы өндірістік тобы" ЖШС директоры;

2007-2008 жж. - «KazEnergy" қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры;

2008-2009 жж. - «Рауан Медиа Групп» АҚ бас директоры;

2009-2010 жж. - «Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы;

2010-2014 жж. - ШҚО әкімінің бірінші орынбасары;

2014-2016 жж. - Ауыл шаруашылығы вице-министрі;

2016-2018 жж. - Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы;

2018-2019 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы;

2019 ж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;

2020ж. 29 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Дипломатиялық дәрежесі - I класты Кеңесші-Уәкіл.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу