KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін – ШҚО

Фото: baribar.kz

14.06.2023, 09:12 538 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да бүгін найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін және төтенше өрт қаупі сақталады.

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 14 маусым күні түстен кейін облыстың шығысында найзағай күтіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыстың солтүстік-батысында,  солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында екпіні 23-28 м/с дейін жел соғуы мүмкін.  

  Найзағай кезінде барлық терезелерді жауып, электр қуатын өшіріңіз. Егер сыртта болсаңыз, биік ағаштардың, шатырлардың астына тығылмаңыз. Ал егер көлікпен жүрсеңіз, бірден қозғалысты тоқтатып, биік ағаштардан алыс жерде күтіңіз, деп еске салады ШҚО ТЖД мамандары.

Облыстың көп бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сондықтан демалысқа барғанда орманда от жақпаңыз, сөндірілмеген темекі тұқылдарын шөпке тастамаңыз. Төтенше жағдайға тап болсаңыз, бірден "101" немесе "112" арнасына қоңырау шалыңыз.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив