Бүгін – Рухани келісім күні
Фото: z-taraz.kz
Бүгін Қазақстанда Рухани келісім күні аталып өтеді. 1992 жылы қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы болған Алматы қаласында Рухани келісімнің бірінші әлемдік конгресі өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін Рухани келісім күні деп жариялау жөнінде манифест қабылдады.
Жыл сайын дәл осы күн елімізде қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу, татулық пен қайырымдылық және көмек мерекесі атап өтіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бүгінде республикада 140-тан астам ұлт пен ұлыстар және 18 конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Ал Шығыс Қазақстанда қазіргі күні 12 діни бірлестік бар.
Бүгінгі таңда рухани келісім көптеген елдер үшін бірінші кезектегі міндетке айналғаны белгілі. Осы жағдайда Қазақстан ұлттық бірлікке негізделген тұрақтылықты көрсетіп отыр. Елімізде өмір сүретін этностардың ауызбіршілігі мен төзімділігі қазақстандықтар үшін егемендік құру жолындағы күрделі кезеңдерден өтуге жәрдемдесті және әлі күнге дейін ел дамуына үлкен күш-қуат беріп отыр.