KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, СБ
514.94 583.74 6.13

Жақсылық Омар ШҚО әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

7.04.2025, 09:36 280 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Жақсылық Мұқашұлы Омардың облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалғанын жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бүгін Жақсылық Омарды өзімнің бірінші орынбасарым етіп тағайындадым. Жақсылық Мұқашұлының мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар. Ол 6 жыл бойы облыс орталығының әкімі болды. Өңірдің барлық мәселелері мен тұрғындарының мұң-мұқтажы оған жақсы таныс. Оның жаңа, әрі жауапты қызметке өз білімін, күш-жігерін барынша жұмсайтынына сенімдімін, – деп жазды өңір басшысы Instagram әлеуметтік желісінде.


Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу