KZ
Өскемен
+30°
ясно жел 6 м/с, ОШ
514.94 583.74 6.13

Өскеменде Универсиада жеңімпазы Акимов Никитаны салтанатты түрде қарсы алды

5.04.2025, 12:30 300 Төлеуғазы Жансая

Бүгін Өскемен қаласының темір жол вокзалында Италияда өткен Бүкіләлемдік Универсиаданың жеңімпазы, биатлоншы Акимов Никитаны салтанатты түрде қарсы алды.

Жеңімпаз спортшыны қарсы алуға ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілдері, сондай-ақ Никитаның отбасы мен достары жиналды. Барлығы жас спортшыға жылы лебіздерін білдіріп, жеңісімен құттықтады.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 13-23 қаңтар аралығында Италияның Турин қаласында өткен Бүкіләлемдік Универсиадада Акимов Никита 10 км спринт жарысында алтын медаль жеңіп алған болатын.

Акимов Никита – биатлоннан спорт шебері, Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының мүшесі, халықаралық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу