KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 0,6 м/с, СШ
480.63 535.13 5.27

Шығыс өңірінің делегациясы Алматыға келді

9.08.2024, 09:01 208 Ләззат Қанатқызы

Шығыс Қазақстан облысының делегациясы өңірдің туристік әлеуетін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында Алматы облысына келді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бүгінде Шығыс өңірінде туризм саласын дамыту мәселесіне басымдық беріліп келеді. Аймақ басшысы Ермек Көшербаев сервиске, санитарлық-гигиеналық пункттерге көп көңіл бөлуді тапсырған. Бұл саланы  дамытуға әсер ететін басты факторлардың бірі деп атап көрсетті.

Аймақтың бірегей табиғи-климаттық жағдайларын ескере отырып, келешекте туристік саланы даму драйверлерінің біріне айналдыру үшін ШҚО делегациясы Алматы облысы, Кеген ауданына қарасты Саты ауылдық округіне келді.

Саты ауылы – әлемдегі ең үздік туристік ауыл. Мұнда әйгілі Көлсай көлдері мен Қайыңды көлі орналасқан.

Делегацияны бастап келген облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев Алматы облысынан табиғи ұлттық парктерді дамыту бойынша алар тәжірибек көп екенін атап өтті.

- Біз үшін басты мақсат - туристік саланы және ерекше қорғалатын табиғат орындарында инфрақұрылымды құру бойынша тәжірибе алмасу және семинарға қатысу. Облыс әкімі бұл сұрақты баса назар аударып отыр. Алматы облысының бұл орайда тәжірибесі мол екеніне көз жеткіздік. Ұлттық табиғи парктің ең басты артықшылығы - заманауи технологияларды және әдіснамаларды пайдалану. Шығыста да бұл бағыт қарқынды дамып келеді, әлі де туристердің мол ағынын тарту үшін жұмыс істейміз, - деді Ардақ Еділұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив