ШҚО Солтүстік-Шығыс Азия елдерімен әріптестікті жаңа деңгейге көтермек
Шығыс Қазақстан облысы Солтүстік-Шығыс Азия елдері өңірлік әкімшіліктері қауымдастығына мүше болуға өтінім берді. Бұл Қытай, Корея, Ресей, Жапония, Моңғолия және өзге де мемлекеттердің 100-ден астам өңірін біріктіретін халықаралық платформа, деп хабарлайды Altainews.kz облыстық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың жеке бастамасымен қауымдастыққа ресми өтініш Қазақстанның Корея Республикасындағы Елшілігі арқылы Солтүстік-Шығыс Азия елдері өңірлік әкімшіліктері қауымдастығының хатшылығына жолданды. Облыстың мүшелікке қабылдану мәселесі келер жылы Бурятия Республикасында өтетін қауымдастық отырысында қаралады.
Қазіргі таңда Солтүстік-Шығыс Азия елдері өңірлік әкімшіліктері қауымдастығының корреспондент-мүшелері қатарында Хошимин (Вьетнам), Шу облысы (Қырғызстан) және Түркістан облысы (Қазақстан) бар.
Шығыс Қазақстан төртінші қатысушы өңір атануы мүмкін.
Қауымдастыққа мүшелік Шығыс Қазақстанға Солтүстік-Шығыс Азия елдерімен сауда, көлік, логистика және инвестиция салаларындағы байланысты күшейтуге мүмкіндік береді.
Бұл өңірдің халықаралық беделін арттыру мен экономикалық стратегиясын жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам.
Айта кетейік, аталған қауымдастық 1996 жылы құрылған.