KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 3 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Францияда фермер қойларын мектепке берді

10.05.2019, 12:17 270

Францияда фермер қойларын мектепке беріп, оқушы ретінде тіркеді. Мұндай бір түрлі қадамға ол мектептегі толық жасақталмаған бастауыш сыныпты жабылудан құтқару үшін барған екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқиға Крет-ан-Белльдон деп аталатын альпілік ауылда болған. Сыныпты осындай қызық жолмен құтқару ауылда қой бағатын тұрғынның ойына келіпті. Ол өзінің 15 қойын мектепке беріп, оқушы ретінде тіркетіп қойған. Осылайша, бірінші сыныптағы оқушы санын арттырған.

Бір қызығы, бұл идеяны жүзеге асыру үшін әр қойға есім беруге тура келген. Қойларын мектепке айдап әкелген фермер қала басшысына малының туу туралы куәлігін де ұсынған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив