ШҚО-да қаржыландырудың баламалы құралдары арқылы 143 жоба несиелендірілді (видео)
Фото: Махаббат Ахметжанова
Бизнес саласының белсенділігі экономиканың тұрақты өсуіне тікелей әсер етеді, ал бұл тұрғыда нақты секторды несиелендіру айтарлықтай әлеуетке ие.
Шығыс Қазақстан облысында нақты сектор мен шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін балама қаржыландыру құралдары қолданылып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мұндай балама қаржыландыру тәсілдері шағын және орта бизнесті жеңілдікпен қаржыландыруға арналған «Ақ-Ниет» өңірлік бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл бағдарлама аймақта 2014 жылдан бері іске асып келеді.
Несиенің жылдық мөлшерлемесі 7%-дан аспайды, инвестиция үшін 7 жылға дейін, ал айналым қаражатын толықтыру үшін 3 жылға дейін беріледі. Кәсіпкерге берілетін несиенің ең жоғарғы мөлшері – 50 миллион теңге.
Сонымен қатар ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметінше, «Бастау Бизнес» жобасы аясында әлеуметтік осал топтарға 319 миллион теңге көлемінде 216 грант берілген (бір гранттың мөлшері – шамамен 1,5 миллион теңге).
Оның ішінде көпбалалы отбасыларға 109 грант, мүгедектігі бар адамдарға 38, мүгедек балаға жәрдемақы алушыларға 25, асыраушысынан айырылғандарға 22, қоныс аударушыларға 11, тұрмысы төмен адамдарға 6, қандастарға 5, әлеуметтік осал топтарға жататын жастарға 105 миллион теңге грант берілді.
Шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелендіру жұмыстары басқа мемлекеттік және салалық бағдарламалар арқылы да жалғасын табатын болады.