Ақтаудағы әуе апаты отандастырымызды біріктірді: ШҚО тұрғындары белсенді түрде қан тапсыруда
pexels.com
Ақтаудағы әуе апаты отандастарымызды біріктіріп отыр. Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық Қан орталығына адам көп жиналды. Адамдар апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету және қиын жағдайға тап болғандарды қолдау мақсатында қан тапсыруға отбасыларымен, достарымен және ұжымдарымен келіп жатты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қан орталығына алғашқы болып еріктілер, «AMANAT» партиясының өкілдері келді, кезекке тұрып, таңертең ерте «Казцинк» металлургиялық кәсіпорнының еңбеккерлері де келіп жетті. Барлығы да бірауыздан қасірет бөтен болмайды десті. Қазақстандықтардың күші – бірлікте, бізде әрдайым солай болған. Көмек көрсету – ел тұрғындарының генетикалық коды.
Шығыс Қазақстан облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Әділбеков бастамаға тұрғындар мұрындық болғанын айтады.
Шығыс Қазақстан облыстық Қан орталығы бас дәрігерінің орынбасары Татьяна Войнованың айтуынша, қан қоры күнделікті толықтырылып отырады.
Дәрігерлердің айтуынша, тек алғашқы бірнеше сағаттың ішінде-ақ 30-дан астам адам қан тапсырған, еріктілер әлі де келіп жатыр.