ШҚО-да қар көшкінінен кейін жол қозғалысы қайта қалпына келтірілді
фото: slf.ch
«ОблШығысЖол» ЖШС Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінін алдын алу жұмыстарын аяқтағанын хабарлады. Жұмыстар Өскемен – Таулы Үлбі – Северное бағытындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолының 30-37 шақырым аралығында жүргізілді, деп хабарлайды Altainews.kz.
– Көлік құралдарының қозғалысына толықтай рұқсат берілді, жол қауіпсіз, – деп мәлімдеді жол ұйымының өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 2024 жылдың 26 желтоқсанында, сағат 10:00-ден бастап қар көшкінін профилактикалық түрде түсіру жұмыстары жүргізілген болатын. Осыған байланысты, Өскемен – Таулы Үлбі – Северное бағытындағы 30-37 шақырым аралығында көлік қозғалысы уақытша тоқтатылған болатын.
Оқи отырыңыз