KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, С
502.47 525.83 5.68

Шығысқазақстандық Зейнеп Құмарқан халықаралық жарыста топ жарды

Бүгін, 16:00 84 Гульжан Мусина

Квебек қаласында шорт-тректен Әлем кубогының жасөспірімдер кезеңі өтіп жатыр. Бұл байрақты бәсекеге Марқакөл жерінің тумасы, 19 жастағы Зейнеп Құмарқан қатысты. Ол тек канадалық Виктория Жан-Батистке есе жіберіп, 500 метр қашықтықта күміс жүлдеге ие болды. Зейнептің көрсеткіші – 44,637, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Бұған дейін қазақстандық спортшы Харбинде өткен Азия ойындарында үздік нәтиже көрсетіп, күміс жүлде жеңіп алған болатын.

Бұл жетістіктер мені алдағы халықаралық бәсекелерде бұдан да үздік нәтиже көрсетуіме және көбірек жаттығуыма ынталандырады, - деді жас спортшы.

Зейнеп Құмарқан облыс орталығындағы мұз айдындардың бірінде жаттығады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу