KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 4 м/с, СШ
474.83 515.38 5.5

Құтқарушылар желдету шахтасына түсіп кеткен марғауды құтқарды – Өскемен

Фото: Шартты сурет

26.05.2023, 09:23 358

ШҚО ТЖД құтқарушыларына Сәтпаев даңғылының бойында орналасқан үйде марғау желдету шахтасына құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Мамандандырылған жасақ қызметкерлері жануарға көмекке асығып, оқиға орнына жедел жетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Дерекке сүйенсек, пәтердегі жылыту жүйелеріне жөндеу жүргізген кезде марғау шахтаға құлап кетіп, төменгі қабатта қабырғалар арасында қалып қойған. Мысықтың тұрған жеріне жету айтарлықтай қиын болған көрінеді.

  "Құтқарушылар арнайы құралмен "қабырғаны" бұрғылап, кішкентай мысыққа жетті. Бірталай тер төгіп, қиындықтарды жеңуге тура келді. Бірақ соңында құтқару операциясы сәтті аяқталды. ТЖ қызметі мамандарына жануарлармен жиі жұмыс істеуге тура келеді", делінген ШҚО ТЖД хабарламасында.

Төтенше жағдай кезінде «112» нөмірі бойынша хабарлауға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив