KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
480.55 533.75 5.36

ШҚО әкімі: Жер учаскесі жұмыс істей алатын адамдарға берілуге тиіс

Фото: depositphotos.com

25.07.2024, 17:31 108 ALTAINEWS

Шығыс өңірінде пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары табысты жүргізіліп жатыр. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіштер бұл сөзімізді растайды. Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлистің мәлімдеуінше, 46,9 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған. Бұл дегеніміз жылдық жоспардың 29 пайызы, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Бірінші жартыжылдықта облыстық жер ресурстарын басқару департаменті 215 тексеру жүргізді. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға қатысты 206,1 мың гектар аумақта 176 тексеру жүргізілді. Сондағы 111 тексеру 115,6 мың гектар аумақ бойынша заң бұзушылық бар екенін көрсетті, – деді Надежда Михайлис.

Тексеру қорытындысы бойынша 1 661,4 мың теңге сомасына 7 айыппұл салынды.

– Кәсіпкерлер қазір бос жатқан жер мемлекетке қайтарылатынын біліп, учаскелерді өзге біреуге сатуды шығарды. Бұл бейберекетсіздікті тоқтату керек. Меніңше, кәсіпкер жер учаскесін алған соң оны ұтымды пайдаланатынын көрсетуге тиіс. Өйткені жер халық пен мемлекеттің қазынасы. Бұл жұмысты бастаған екенбіз, қатаң түрде жүргізуіміз керек. Жер шынымен де жұмыс істегісі келетіндерге берілсін, – деді облыс әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив