ШҚО халқының саны қанша?
фото: dnevnik.hr
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысы халқының саны 726,4 мың адамды құраған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы ШҚО бойынша департаментінің басшысы Ерназ Нұрланов хабарлағандай, өңір тұрғынының басым көпшілігі, яғни 484,6 мыңы қалаларда тұрса, ауыл халқының үлесі бұдан біршама аз – 241,8 мың адам шамасында.
Белгілі болғандай, облыста әйел адамдар үлесінің басымдығы байқалады екен. Атап айтсақ, 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша аймақта 348 мың ер адам (47,9%) бар болса, әйелдердің үлесі 52,1%-ға (378,4 мың адам) жеткен.