KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Қырықтан астам өсімдік сортын ұсынды – ШҚО

25.07.2024, 16:01 116 Нұржан Кенжеұлы

Глубокое ауданының Винное ауылында «Агроға сенетіндер үшін» деген ұранмен «Дала күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Мұнда Aitas Agro агрохолдингіне кіретін элиталық тұқым шаруашылығы – «Милейко» ЖШС орналасқан.

Бұл жолғы мерекенің тақырыбы «Тұқым шаруашылығы мен цифрландыру» болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Біз, Aitas Agro агрохолдингі, көбінесе заманауи сұрыптардың тұқымын қолданамыз, тұрақты нәтиже көрсетіп, лайықты өнім аламыз. Сондықтан бүгінгі Дала күнінде келушілерге әлемнің түкпір-түкпірінен жинаған керемет генетика үлгілерін көрсетуді жөн санадық. Арасында өндірістік процесте пайдаланатын, Францияда, Канадада тамаша нәтиже көрсеткен, бірақ Шығыс Қазақстанда әлі сыналмаған жаңа сорттар мен будандар да бар, – дейді Aitas Agro агрохолдингінің өндіріс жөніндегі директоры Антон Шиленко.

Бұл күні ашық аспан астындағы алаңда қонақтар назарына 40-тан астам өсімдік сорты мен будан ұсынылды. Олардың дені – Франция, Германия, Канада, Чехия, Ресей мен Украинадан әкелінген бидай, күнбағыс, соя, сорго тұқымдары. Сондай-ақ ұйымдастырушылар өсімдіктерді қорғау құралдарын таныстырып, тыңайтқыштарды қолдану тәжірибелерімен бөлісті.

– Біз «Дала күнін» осымен үшінші жыл қатарынан өткізіп келеміз. Бірақ биылғы іс-шараның бұрынғыларынан ерекшелегі – бұл жолғы «Дала күні» халықаралық мәртебеге ие. Өз тәжірибемізбен және қолданатын технологияларымызбен бөлісу үшін Шығыс Қазақстандағы барлық фермерді әріптестікке шақырамыз. Сондай-ақ, бүгінгі іс-шараға еліміздің бірқатар өңірінен келген фермерлер мен агрохолдингтердің өкілдері, шетелден келген серіктестеріміз де қатысуда, – дейді Aitas Agro агрохолдингінің бас директоры Талғат Алдажаров.

Айта кетейік, Aitas Agro холдингі цифрлық шешімдерді енгізудегі озық тәжірибесімен танымал. «Дала күні» аясында іс-шара қонақтарына сондай жаңалықтың біразы таныстырылды. Олардың арасында өсімдіктердің фотосуреттерін белгіленген интервалда түсіретін, сонымен бірге өсімдіктердің даму тарихын бақылауға мүмкіндік беретін сенсор мен егістіктегі жәндіктердің санын және түрін анықтайтын тұзақты ерекше атап өтуге болады. Бұл құралдар агрономдарға өсімдіктердің дамуындағы сындарлы сәттерді дәл анықтауға және өнімділікті жоғалтпау үшін уақытында әрекет етуге көмектеседі.

Белгілі болғандай, биыл Aitas Agro агрохолдингі күнбағыс будандарын өндірумен айналысуда екен. Аналық өсімдіктерді ойдағыдай тозаңдандыру үшін кәсіпорын агрономдары Голландиядан шыққан жеңіл әрі мобильді ұяларда шоғырланатын тозаңдандырғыш бал арасын сатып алуды ұйғарыпты. Бұл еңбекқор жәндіктер де бүгінгі «Дала күнінде» таныстырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив