KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Азия чемпионатының жүлдегерін қарсы алды – ШҚО

26.07.2024, 10:30 102 Ләззат Қанатқызы

Өскемендіктер жастар арасында еркін күрестен Азия Чемпионатының күміс жүлдесіне ие болған Айқын Болатұлын қарсы алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 16-24 маусым аралығында Сирача қаласында(Тайланд) U15 жасөспірімдері мен U20 жастары арасында еркін күрестен Азия чемпионаты өтті. Бұл байрақты бәсекеде жерлесіміз 70 келі салмақ дәрежесінде (U20) сынға түсіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

– Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Барлық спортшы өз елінің намысын қорғау үшін мықты дайындықпен келген. Мықтылар арасынан озып шығу оңай болған жоқ. Қазір босаңсуға уақыт жоқ. Алда әлі де үлкен жарыстар болады. Жеңіс тұғырынан көрінуге барымызды саламыз, – деді жас спортшы.

Айта кету керек, Айқын Болатұлы қыркүйек айында Испанияда өтетін «лем чемпионатында ел намысын қорғайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив