KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 5 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Нобель сыйлығының лауреаты «Берел» мұражайына баға берді

фото: gov.kz

27.07.2024, 16:21 162 Оразай Жеңісұлы

Климаттың өзгеруіне қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығын алған Рэ Квон Чунг «Берел» қорық-мұражайға барған. Сапар барысында Оңтүстік Кореядан келген қонақ Ұлы даланың мыңжылдық тарихына, сақтар мен түркілердің мәдениетіне тәнті болған көрінеді. Бұл жөнінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

Экскурсия барысында қонақтарға «Берел» Қазақстан аумағында органикалық заттар табылып, сақталған жалғыз ескерткіш екені айтылды. Мұражайдан көшпенді ақсүйектердің қабірлері мен ерекше скиф-сібірлердің аң стилінде жасалған жоғары көркем бұйымдар табылып, көпке танымал болды.

Сондай-ақ қонақтар ерте темір дәуірінде өмір сүрген көшпенділердің киімі, ат әбзелдері, ағаштан жасалған бұйымдар, ер-тоқым, мата, ағаш ыдыс-аяқ, былғары және киізден жасалған бұйымдар сияқты бірегей экспонаттармен танысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив