KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 1 м/с, С
509.84 595.75 6.47

Өскемендегі саябақтардың бірінен аквапарк ашу жоспарлануда

14.06.2023, 09:49 525 Ләззат Қанатқызы

Биыл Ертіс жағалауында орналасқан «Самал» саябағын бірқатар өзгерістер күтіп тұр.

Облыстық табиғи-ландшафттық және сәулет-этнографиялық музей-қорығының басшысы тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналған саябақта қандай жұмыстар атқарылатынын айтып берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Демалыс аймағында би алаңын жабдықтау жоспарланып отырған көрінеді.

– Кәсіпкерлер дискотека өткізу үшін би алаңын жабдықтауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ балалар мен ересектер арасында түрлі іс-шаралар өткізіп, театрландырылған қойылым көрсету үшін сахна құрылмақ. Қазір арнайы жабдықталған алаңда дайындық жүргізіліп жатыр, – деді музей-қорық директоры Арсен Тен.

Сондай-ақ балаларға арналған аквапарк ашылуы мүмкін. Қазір аталмыш жобаны іске асыру үшін кәсіпкерлер іздестірілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу