Полиция басқармасының басшылығы мен қызметкерлері қан тапсырды – Өскемен
Фото: Өскемен қаласы ПБ әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
14 маусымда аталып өтетін Қан доноры күніне орай Өскемен қаласы полиция басқармасының басшылығы мен қызметкерлері ерікті түрде қан тапсырды.
ШҚО Қан орталығында «Қан тапсырыңыз, плазма тапсырыңыз, адамдарға өмір сыйлаңыз және мұны жиі істеңіз!" деген атаумен өткен донорлық акцияға тәртіп сақшылары қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Дерекке сүйенсек, полиция қызметкерлері осындай акцияға қатысып, донор болуы бірінші рет емес.
Аталған іс-шараға полиция қызметкерлері шұғыл қан құю қажет адамдарға, оның ішінде күрделі ота жасататындарға көмек көрсету мақсатында қатысқан.
Қан орталығы ПБ бастығы, полиция полковнигі Андрей Мула мен оның орынбасары, полиция полковнигі Марат Баяндиновке алғыс хат табыстаған.