Өскемендегі трамвай депосын жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын
Облыс орталығында әбден тозығы жетіп, қабырғасы қақыраған трамвай депосында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
1972 жылы салынған ғимаратқа бұған дейін жөндеу жұмыстары жүгізіліп көрмепті. Бұл туралы кәсіпорынға жұмыс сапарымен барған қала әкімі Жақсылық Омар айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шаhар басшысының айтуынша, кәсіпорын нысаны жөнделмеуінің де өзіндік себептері бар. Әу баста мемлекет меншігінде болған парк біраз уақыттан кейін жеке меншікке өткен. Ұзақ сот процестерінен кейін, 4 жыл бұрын мемлекетке қайта қайтарылды.
Еліміз бойынша үш қалада ғана трамвай жүретіні белгілі. Облыс орталығындағы трамвайлар өзін-өзі ақтайтын қоғамдық көлік түріне жатады.