Трамвайлар сенбі күні желіге шығады – Өскемен
Фото: "Өскемен қаласының көлік компаниясы" ЖШС
Облыс орталығында трамвайлар сенбі, яғни 15 шілдеден бастап желіге шығуы мүмкін.
Бұл туралы "Өскемен көлік компаниясы" ЖШС директоры Михаил Чайка мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оның айтуынша, Қазақстан көшесіндегі рельстерді жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Трамвайлар желіге сенбі күні таңертең шығады, ал асфальттау жұмыстары шілде айының соңына дейін толықтай аяқталады.
Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығында қазір трамвай депосы мен рельстерін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Кеше қала әкімі Жақсылық Омар трамвай паркіне барып, жұмыс барысымен танысып қайтқан болатын.