Өскемен: Трамвай паркіндегі жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Григорий Прыговтың суреті
Облыс орталығында 1960 жылдан бері жөндеу көрмеген трамвай депосы мен рельстер жөнделіп жатыр.
Қала әкімі Жақсылық Омар бүгін трамвай паркіне барып, жөндеу жұмыстарына көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мердігерлер жұмыстарды тамыз айының ортасында аяқтауға уәде берген. Бірақ шаhар басшысы жұмыстарды тезірек аяқтауға тапсырма берді.
Айта кету керек, трамвай паркіне 50 жылда алғаш рет жөндеу жұмыстары жүргізілуде. "Өскемен көлік компаниясы" ЖШС директоры Михаил Чайканың айтуынша, биыл шатырлары мен қасбеті жөнделеді, ал депоның ішіне жөндеу жұмыстары келесі жылға жоспарланып отыр.