Бүгін трамвайлар желіге шықты – Өскемен
Облыс орталығында трамвай рельстерін жөндеу жұмыстары аяқталды.
Араға 10 күн салып, бүгін қоғамдық көлік өз жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айта кету керек, 6 шілдеден бастап қалада рельстерді ауыстыру жұмыстары басталып, бір апта көлемінде қалада трамвай қатынасы тоқтаған болатын.
Сол аралықта қала тұрғындары трамвай бағыты қамтылған автобуспен қатынады. Бүгін жөндеу жұмыстары толық аяқталып, трамвайлар желіге шықты.
Естеріңізге сала кетейік, қазір қалада 50 жыл бойы жөндеу көрмеген трамвай депосы да жөнделіп жатыр.
Оқи отырыңыз