KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Өскеменде «Тіл шебері» байқауы өтті

Фото: tengrinews.kz

4.09.2024, 17:15 93 Ержан Әбіш

Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Оралхан Бөкей атындағы кітапхана Қазақстан халқының тілдері күніне орай Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Тіл шебері» қалалық байқауын өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Білім бәйгесінде талапкерлер үш кезең бойынша бақ сынасты. «Елтаным» бөлімінде ғалым Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен қызметі туралы геймификация сұрақтарына қазақша жауап берді. «Сөзтаным» бөлімінде Оралхан Бөкейдің шығармалары бойынша сұрақтарға орысша жауап қайтарса, «Өнертаным» кезеңінде ағылшын тілінде өнер көрсетті.

Осылайша өздерін жан-жақты сынға салған қатысушылар арасынан үш тіл білгірі топ жарды.

Бас жүлдені №24 орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі Еркежан Райымханова, 1 орынды Сабина Қожамбердиева, 2 орынды Ахмер орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Нұрай Сайлауова, 3 орынды Шәкәрім атындағы №1 орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі Гүлнар Армияқызы иеленді.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен қуантты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив