Өскемендегі көпірасты жолдардың бірі уақытша жабылды
Үлбі өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Протазанов көшесі бағытындағы көпірасты жолы уақытша жабылады. Бұл шара азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қабылданды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
–Су деңгейін бақылау жұмыстары үнемі жүргізілуде, қажетті шаралар қабылдануда. Уақытша шектеулер жағдай толық тұрақталғанға дейін сақталады. Қалған учаскелер де су деңгейінің көтерілуіне қарай жабылуы мүмкін. Кептелістер мен қолайсыздықтарды болдырмау үшін бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Су деңгейі қазіргі уақытта – 6,04 метр. Қосымша ақпаратты хабарлап тұрамыз,- делінген Өскемен қаласы әкімдігінің ресми хабарламасында.
Оқи отырыңыз