KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 4 м/с, С
471.46 504.79 5.53

Өскеменде Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай республикалық конференция өтті

17.05.2023, 19:07 3 181 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығындағы О.Бөкей атындағы қалалық кітапханада «Кітапхана – ХХІ ғасырдағы сауаттылық түрлерін қозғаушы күш» атты Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған республикалық конференция өтті.

Екі күнге созылған іс-шараға Абай, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының және Астана қаласының кітапхана мамандары, ШҚО мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Самат Қасенов пен Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 Конференцияның мақсаты – Оралхан Бөкей атындағы кітапхана қызметіне заманауи технология түрлерін енгізу бағытында жүзеге асырылған жаңашыл жобалардың жетістіктерін бөлісу. Ашылу салтанатында сөз алған белгілі жазушы Әлібек Асқар мен Жазушылар одағы ШҚО филиалының директоры Әлібек Қаңтарбай Оралхан Бөкей жайлы естеліктерімен бөлісіп, оның мол мұрасының маңыздылығы жайлы ой қозғады, дейді кітапхана мамандары.

Артынша жиналғандарға «Оралхан  Бөкей – сандық үлгіде» тақырыбымен жазушы мұрасы топтастырылған сайт таныстырылды. Сондай-ақ АҚШ-тың Остин қаласындағы Техас университетінің кітапхана ісі жөніндегі профессоры Дэвид Ланкесстің бейнебаяндамасы көптің көңілінен шықты. Түстен кейін «VR КИІЗ ҮЙ», сандық үлгідегі дизайнды үйрететін «IT – arular mektebi» сынды жобалар, қазақ тілінде ауызекі сөйлеуді үйрететін "Кел, сөйлесейік!" клубы, жеті атаны білуге насихаттайтын «Ататек» бағдарламасы, «Оюлар сөйлейді...» көрмесі мен «Тақия-той» байқауы таныстырылды. Конференцияның алғашқы күні «Қазақстан кітапханаларының келешегі және болашақ кітапханалары» атты дөңгелек үстел форматындағы талқылаумен аяқталды.

Конференцияның екінші күнінде қонақтар кітапхана бөлімшелерімен танысып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. Ең бірінші «Шығыс» ауылына барып, №12 кітапхана бөлімшесіндегі қандас балаларға сандық үлгідегі заманауи технология түрлерінің қалай үйретіліп жатқандығы таныстырылды. Одан соң №2 кітапхана бөлімшесінде балалар мен жасөспірімдерге экологиялық тәлім-тәрбие беретін «Борис Щербаковтың жасыл үйі» орталығы паш етілді. Онда белгілі орнитолог Б.Щербаков сөз сөйлеп, Шығыстың Қызыл кітабы мен "Жас эколог" зертханасын көрсетті. Сапар соңында Орталық балалар кітапханасына барып, балалар мен жасөспірімдердің заманауи технологиялық сауаттылығын арттыру және еліміздің ғарыш саласын дамытуға деген қызығушылығын оятуға бағытталған «Ғарышқа жол кітапханадан басталады!» атты жоба таныстырылды. Қатысушыларға Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қалқаман Сариннің қолы қойылған сертификат табысталды. Содан кейін кітапхана мамандары конференция жұмысын қорытындылып, ұсыныс-тілектерін айтты. Енді оның барлығы ҚР мәдениет министріне үндеу ретінде жолданады. Үндеуде ҚР кітапханаларын автоматтандыру және цифрландыру бойынша Жол картасын әзірлеу, типтік штатқа күрделі түзетулер енгізу, кітапханашылардың қызметін заманауи талаптарға сәйкес өзгерту, жоба жазу мәселелері бойынша тегін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру сынды мәселелер көтерілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Gbzzmc 2 мамыр 2024 07:24
0

simvastatin growl - atorvastatin dignity lipitor preserve

Dabiop 4 мамыр 2024 06:55
0

crestor melt - caduet online dick caduet pills trace

Fgvcsk 6 мамыр 2024 13:25
0

buy viagra professional kiss - super kamagra comfort levitra oral jelly online difficultydapoxetine murder - fildena irish cialis with dapoxetine frank

Pwopli 9 мамыр 2024 04:20
0

cenforce online arrange - brand viagra online local brand viagra dress

Boqmoh 11 мамыр 2024 16:48
0

brand cialis which - zhewitra elsewhere penisole thieve

Bsjpef 12 мамыр 2024 14:16
0

cialis soft tabs worship - levitra soft busy viagra oral jelly online universe

Bygxjs 15 мамыр 2024 09:13
0

cialis soft tabs online downstairs - valif dip viagra oral jelly online fence

Uarwng 18 мамыр 2024 12:31
0

dapoxetine bet - viagra plus angel cialis with dapoxetine usual

Gmdhfy 27 мамыр 2024 04:12
0

dapoxetine way - dapoxetine public dapoxetine vast

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив