KZ
Өскемен
+23°
ясно жел 3 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Ұн шығаратын 270 кәсіпорынның үштен бірі істеп тұр

Фото: egemen.kz

16.06.2023, 15:26 381

Сенат депутаты Зәкіржан Кузиев астық өңдеу саласындағы проблема туралы баяндады.

Депутаттың мәлімдеуінше, осыдан 15 жыл бұрынғы ұн өндіретін 270 кәсіпорынның қазір үштен бір бөлігі ғана қалған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Астық өңдеу саласында ұн тартуға басымдық берілген. Сонымен қатар кейінгі уақытта бұл салада үлкен проблемалар туындап, оның дамуына қауіп төнді. Егер 15 жыл бұрын Қазақстан 270 кәсіпорын арқылы өндірілген ұн көлемі бойынша әлемде көшбасшы болса, қазір олардың үштен бірі ғана жұмыс істеп тұр, – деді Зәкіржан Кузиев.  

Депутат бұл мәселеге нарықтағы бәсекелестіктің артуы себеп болғанын айтады.

– Осындай жағдайда біз екі шешімнің бірін қабылдауымыз керек, яғни халықаралық нарықтағы позициямызды қалпына келтіру немесе астықты тереңірек өңдеуге көшу қажет. Астық өңдеудің бірінші кезеңінде біз жарма, ұн және басқа да өнімді аламыз, мұны көптеген өңдеуші іске асырып келеді. Атап айтқанда, біздің өндірушілерді астықты тереңірек өңдеуге ынталандыру қажет. Осы орайда витаминдер, тағамдық қоспалар және өзге де өнімдерді өңдеуге болады, – деді депутат.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив